Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Достарымен жиі ішімдік ішетін адамдарда қандай белгілер пайда болады?

Опубликовано:

Елордалық нарколог дәрігерлері достарымен жиі ішімдік ішетін адамдарда қандай белгілер нағыз маскүнемдіктің пайда болғанын көрсететінін хабарлады.

Достарымен жиі ішімдік ішетін адамдарда қандай белгілер пайда болады?

Алкоголизм деген не?

Маскүнемдік (алкоголизм) — спиртті ішімдіктерге салынушылық. Бұл адамның денсаулығына, тұрмысына, еңбек қабілетіне және қоғам өміріне зиян келтіреді.

Маскүнемдіктің бірінші сатысы:

Маскүнемдікке салыну әуелі әуестіктен, соңынан әр нәрсені сылтау етіп, әйтеуір ішуді мақсат етуден, соны үйреншікті әдетке айналдырудан келіп туады. Бірте-бірте организм спиртті ішімдікке дағдыланады. Бұрынғы ішіп жүрген мөлшер ешқандай әсер етпейді, мастық күйге жету үшін әлдеқайда көп ішу қажет болады. Мас адам ашушаң,кінәшіл, тым батыл келеді. Ішпей сау жүргенде бей-жай, көңілсіз күйде болып, сергу үшін қайтадан ішуге құмартады. Бара-бара адам ішпесе тұра алмайтын халге жетелі. Ішкілікке бойы үйренген адамда тоқтау болмайды (ішкен сайын құмартып, ішкен үстіне ішкісі келіп тұрады). Ұдайы ішуге салынған адам әйтеуір бір сылтау тауып ішуді көздейді, өзінде болмаса, кім көрінгеннен сұрап ішуге арланбайды, барған сайын сау жүруі азаяды. Мұндай адамның мінез-құлқы өзгереді, ол дөрекі, алдамшы бола бастайды, жанұя мүддесін ойламайды. Алкоголизмнің алғашқы сатысы шамамен 5-7 жылға созылады.

Ішкілік дертіне шалдығудың екінші сатысы — бас жазу. Алкоголизм өршіген сайын ішімдіктің қолайсыз әсері күшейе түседі: мастығы тарқағакда қолы қалтырайды, терлейді, ұйқысы қашады, өз-өзі нен үрейі ұшып, мазасы кетеді. Басын жазғаннан кейін мұндай белгілері басылып, жадырағандай болады. Әуелі басын жазу үшін бір саптыаяқ сыра, не бір рюмка арақ жеткілікті, бірақ бара - бара мұның өзі көбейіп, тоқтаусыз, бірнеше күн қатарынан ішушілікке айналады. Маскүнемдер бірнеше айлап, тіпті жылдап күн сайын ішіп, масс болады, ертеңіне міндетті түрде басын жазады. Алкоголизмнің екінші сатысында ішкі органдар мен нерв жүйелері едәуір зақымданады, қатты және созылмалы алкоголь психоздары пайда болады — еліреді, көзіне әр нәрсе елестейді. Еңбекке жарамайды, ақыл-есінен айырылады.

Маскүнемдіктің үшінші сатысы:

Ішкеннің өзінен қатты масаяды.Ішімдіктің денені сергітетін әсері жоғалады,ол тек адамның жалпы жағдайын ұстап тұруға ғана жарайды.Әрбір ішкеннен кейін істегенін ұмытып қалады. Жедел алкогольдік масаю Қайтымды патологиялық реакциялармен (психикалық, неврологиялық, соматовегетативті) сипатталалатын жалпытоксикалық әсерімен көрінетін (эйфория, седация, релаксация) спиртті сусындарды қабылдау салдары болып табылады. Ұдайы ішуге деген ұмтылыс адамның өмірінің мәніне айналады. Ішімділікке организм төзімділігінің аздығынан, өзінің шамасын дұрыс бағалай алмаудан науқас адам жиі өлімге ұшырайды.

2017 жылы Қазақстанда ішімдік тәуелділігі бар 110 мыңға жуық науқас емделді. Нашақор науқастар деңгейі 20% -ға дейін төмендеді. 2018 жылдың соңына қарай бұл көрсеткіш 18-19 мыңға жетті. Елордалық наркологтар тек тәжірибелі психиатр-нарколог адамның қай уақытта тәуелді болғанын, алкогольді немесе нашақорлық диагнозымен салыстыра алады. Ең бастысы, адам өз тәуелділігін түсініп, ол өзі мамандардан көмек сұрағысы келуі қажет.

Елордалық нарколог дәрігерлер «Алайда маскүнем осы аурудан арылуға өзі ұмтылмаса, оны емдеу шараларын ойдағыдай жүргізу мүмкін емес. Сонымен бірге, дәрігерге неғұрлым ертерек, алкогольды уытты зардабы бойға сіңбей тұрғанда қаралғаны жөн» деп белгіледі.

«Маскүнемдерді емдейтін арнайы наркологиялық қызмет орындары —республикалық, өлкелік, облыстық, қалалық наркологиялық диспансерлер, сондай-ақ наркологиялық стационарлар бар» деп хабарлады.

Нұр Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы және Нұр Сұлтан қаласының Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының тапсырысы бойынша.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1801582-dostarymen-zii-isimdik-isetin-adamdarda-kandaj-belgiler-pajda-bolady/

pixel