RU
Арыстағы жарылыс: Тағы бір әскери қызметкердің тағдыры қыл үстінде

Арыстағы жарылыс: Тағы бір әскери қызметкердің тағдыры қыл үстінде

Рассказать Вконтакте

Арыстағы жарылыстан зардап шеккен екі адам қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Оның бірі кома жағдайында, жасанды тыныс алу аппаратына таңылған. Тағы бірі 57 жастағы әйел адам деп хабарлайды Астана арнасы.

Арыстағы тағы бір әскери қызметкердің тағдыры қыл үстінде

Арыстағы тағы бір әскери қызметкердің тағдыры қыл үстінде

Зардап шегуші Шәрбану Қожықованың сөзінше, жарылыс болған кезде ол үйде болған.

"Үйде тұғынбыз бірден атылған кезде. Шығып қырда телевишка бар Арыста соған қарай жүгірдік. Сол кетіп бара жатқанда жолда осколка тиді ғой аяғыма. Тиген кезде аяғым бөлініп қалды. Сонымен зорға әйтеуір скорый жоқ, басқа жоқ Шымкентке әкелді ғой", - дейді Шәрбану Қожықова.

№ 1 шымкент қалалық клиникалық ауруханасының реаниматолог-анестезиолог дәрігері Бекзат Керімқұловтың сөзінше, түскен кездегі диагнозы оң аяқ сан сүйегінің ашық жарақаты болған.

"Сан еттерінің жыртылуы мен түскен кездегі жағдайы ауыр, жарақат шокпен түскен. Жедел қабылдау бөлімшесінде жедел ота жасалып, ол кісі қазір жансақтау бөлімінде. Емін алып жатыр. Қазіргі жағдайы тұрақты", - дейді Бекзат Керімқұлов.

Телеарнаның мәліметінше, бұған дейін облыстық ауруханаға бір әскери маман ауыр жарақатпен түскен. Қазір ол есін жимаған.

Дәрігерлердің айтуынша, Алматыдағы әскери госпитальдан мамандар арнайы келіпті.

Дәрігерлер оның жағдайы нашар деп бағалап отыр. Дегенмен ақ халаттылар қолдан келген көмекті аямай, әскериді аман алып қалуға тырысып жатыр.

Айзада Төрекбекқызы

Еске сала кетейік, 24 маусымда Түркістан облысы, Арыс қаласындағы әскери бөлімнің оқ-дәрі қоймасында жойқын жарылыс болып, салдарынан екі адам көз жұмды.

Сіздің реакцияңыз
0
0
2
4
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel