RU
10 жыл бұрын Арыстағы қауіп туралы айтқан депутаттың ескертуін ешкім елемеген

10 жыл бұрын Арыстағы қауіп туралы айтқан депутаттың ескертуін ешкім елемеген

Рассказать Вконтакте

Арыс қаласындағы қару-жарақ қоймасында осымен 4-інше рет өрт шығып, жарылыс болды. Қайғылы жағдайдың алдын алу үшін 2009 жылы мәжіліс депутаты болған Ержан Исақұл қойманы жою керектігін айтқан еді. Бірақ, арада 10 жыл өткенімен бұған құлақ түрген ешкім жоқ деп хабарлайды КТК арнасы.

Жарылыстан кейінгі Арыс. Фото: NUR.KZ

Жарылыстан кейінгі Арыс. Фото: NUR.KZ

Қойманы жоюды осыдан 10 бұрын айтқан экс-депутат Ержан Исақұлов енді өзге аймақтағы қоймаларды шұғыл жабу керек деп отыр.

"Жамбыл облысында Отар деген станса бар. Соның қасындағы әскери бөлімде де оқ дәрі сақталған. Тағы да басқа аймақтарда бар. Жауапты адамдар бар ғой. Солар күнделікті қадағалап, жарылысты болдырмауға тырысуы керек еді", - дейді Ержан Исақұлов.

Ал осы Арыста сақталған қару-жарақ пен жарылғыш заттар әлдеқашан қауіпсіз жерге көшірілуі керек болған. Бірақ, қаржы тапшылығының кесірінен шаруа осы уақытқа дейін шегеріліп келіпті.

"Қару-жарақ қоймасы тұрғын үйлерден небары 200 метр қашықтықта орналасқан. Негізі талап бойынша бұл ара қашықтық үш шақырым болуы керек. Сондықтан 2005 жылы қоймадағы қаруларды басқа қауіпсіз орынға көшіру туралы шешім қабылданған. Алайда қаржылық қиындықтар қол байлау болып келді", - дейді Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары Мұрат Бектанов.

Жалпы, 44/865 әскери бөлімнің қару-жарақ қоймасы 1960-шы жылдардан бері жұмыс істеп келеді.

Қорғаныс министрінің айтуынша, онда авиациялық жойқын оқ-дәрілер болмаған. Қол гранаталары мен танк снарядтары және артилериялық қару-жарақ сақталыпты. Ал әскери бөлімдегі 400 жауынгердің барлығы келісім-шарт негізінде қызмет етіп жүрген әскерилер екен.

Дереккөз КТК арнасы

Сіздің реакцияңыз
5
2
10
7
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel