RU
"Кинодан көргенде қызық": Төреғали Арыстағы жағдайға қатысты пікір білдірді

"Кинодан көргенде қызық": Төреғали Арыстағы жағдайға қатысты пікір білдірді

Рассказать Вконтакте

Төреғали Төреәлі Арыста орын алған қайғылы жағдайға қатысты өз пікірін білдірді. Елімізді дүр сілкіндірген жарылыс оқиғасы шоу-бизнес жұлдызының да жанына қатты батқан деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Ұлы дала баласы" Instagram парақшасында төтенше жағдай туралы арнайы жазба қалдырған.

"Е, Алла! Соғыс деген осы көріністің жүз еселенген, тіпті, мың еселенген түрі ғой Себебі анықтала жатар, қару өзі жарылса да, қастандықтан болса да, сырттың суық пиғылы болса да, арты xайырлы болса екен!

Аттан" деген айғайдан азар да-безер болған xалықпыз ғой. Атыс кинодан көргенде қызық, шетелде боп жатыр десе уайым, ел шетінде орын алса қайғы, ауылыңда естілсе "отбасым" дейсің, үйіңде жарылыс болса "қу жаным" дейсің.

Ойнайтын да, әзілдейтін де жағдай емес. Алла топалаң соғыстан, алды-арты белгісіз аласапыраннан сақтасын. "Ниетім жақсылық қана" деп, жамандыққа түсіп қалғаннан, "бүтіндеймін" деп жүріп бүлікке кіріп кеткеннен, "ойым таза" деп жүріп, ойының осылғаннан сақтасын! Бәрін көріп, бәрін естіп тұрған Ұлы Алла мейірімінен тастамасын, панасына алсын" , - деп жазған Төреғали.

Сіздің реакцияңыз
13
6
2
6
0
21
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel