RU
Арысқа көмек: Шымкенттік экс-шенеунік 10 млн теңге мен 20 тонна жеміс-жидек берді

Арысқа көмек: Шымкенттік экс-шенеунік 10 млн теңге мен 20 тонна жеміс-жидек берді

Рассказать Вконтакте

Шымкенттік кәсіпкер Арыстағы жарылыстан зардап шеккен жандарға қолдау ретінде 10 млн теңге аударып, 20 тонна жеміс-жидек жеткізіп берді деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Арыс Шымкенттік экс-шенеунік 10 млн теңге мен 20 тонна жеміс-жидек берді

Болатбек Әлиев. Фото: Кәсіпкердің желі парақшасынан алынды

Бұрынғы Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің 2009-2013 жылдар аралығындағы орынбасары, қазіргі кәсіпкер Болатбек Әлиев өзге әріптестері секілді арыстықтарға көмек беруден тыс қалмады.

Ол өз атынан көмек ретінде 10 млн теңге аударып, 20 тонна жеміс-жидек берген.

Еске салсақ, 24 маусым күні Арыс қаласындағы әскери бөлімшенің оқ-дәрі қоймасында жарылыс болып, салдарынан тұрғындар қаладан қауіпсіз жерлерге көшірілді.

39 мың тұрғын өз күштерімен шаһардан кеткен. 3566 адам арнайы қызмет көмегімен қаладан шығарылып, эвакуациялық бекеттерге жеткізілді.

Жарылыс салдарынан жетпістен астам адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға түсіп, екі адам қаза тапты. 

Зардап шеккен халықтың жағдайы қазақстандықтарды бей-жай қалдырмады. Еліміздің түкпір-түкпіріндегілер арыстықтарға гуманитарлық көмек жіберуде.

Тіпті зардап шеккендерге көмек ретінде арнайы қор ашылып, қазіргі таңда қорға 230 млн-ға теңге жиналған.

Сіздің реакцияңыз
2
0
0
1
0
22
6
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel