RU
"Алла разы болсын": Азамат Сатыбалды өрт сөндірушілерге алғыс айтты

"Алла разы болсын": Азамат Сатыбалды өрт сөндірушілерге алғыс айтты

Рассказать Вконтакте

Азамат Сатыбалды Арыстағы жарылыс салдарынан орын алған алапат өртті сөндіріп, тұрғындарды құтқару үшін барын салған өрт сөндірушілерге өз алғысын білдірді. Өнер иесі ер азаматтардың ерең еңбегін жоғары бағалаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Отандық актер Instagram парақшасына қалжырап жатқан өрт сөндірушілердің суретін жариялап, қайғылы оқиға жайлы жазба қалдырған.

"Алла разы болсын жігіттер. Жасаған еңбектеріңе раxмет. Жалпы көмек қолын созып жатқан барша жерлестеріме шексіз ризашылығымды білдіремін. Жұмыла көтерген жүк жеңіл деген осы. Бұндай қасірет енді болмасын елімізде. Мен сені мәңгі сүйіп өтемін, Қазақ елі" , - деп жазған Азамат Сатыбалды.

Желідегілер қазақстандық жұлдыздың сөзіне қосылып, төтенше жағдайда зардап шеккендерге тілектес екенін білдіруде.

"Жандарым-ай! Әрбірі әр үйдің балалары ғой! Алланың нұры жаусын! Шығын болмаса екен, әйтеуір" , "Ең ауыр жұмыс осы жігіттерде, оттың үстінде, бомбаның астында, күн ыстық, су жоқ. Ол жерден тірі шығама, өліп кетеме білмейді. Тек алға жүру керек. Бір Аллам жар болсын өздеріңе! Нағыз Қалық қахарманыдары осылар" , - деп жазуда көпшілік.

Айта кетейік, бұған дейін Арыста қалжырап жатқан өрт сөндірушілердің суреті жарияланғанын хабарлаған болатынбыз.

Сіздің реакцияңыз
3
0
1
1
1
10
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel