RU
Отандық боксшы жағымсыз сұрақ қойған жүргізушінің бетіне су шашып жіберді (видео)

Отандық боксшы жағымсыз сұрақ қойған жүргізушінің бетіне су шашып жіберді (видео)

Рассказать Вконтакте

Қазақстандық кәсіби боксшы Мадияр Әшкеев "Уақыт көрсетеді" бағдарламасының қонағы болды. Сұхбат соңында қолайсыз сұраққа көңілі толмаған спортшы өзін ұстай алмай, жүргізушінің бетіне cу шашып жіберді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр

Фото: Видеодан кадр

Жанжалға әкелген тақырып бокстың денсаулыққа қаншалықты зиян екеніне қатысты болды. Ол кездесулердің бірінен кейін инсульт алған спортшы Магомед Абдусаламовты еске алды.

Әшкеев бұл спорт түрінің денсаулыққа тигізер кері әсері бар екенін жасырмады. Алайда, жүргізуші Әшкеевке Абдусаламов сынды бір жағдай болса, әйелі тастап кетуі мүмкін бе деген сұрақ қойды.

Бұл сұраққа көңілі толмаған Мадияр өзін ұстай алмады. Ол жүргізушіге балағат сөздер айтып, бетіне су шашып жіберді.

Бұл жағдайға қалыпты қараған жүргізуші ыңғайсыз сұрақты "еркектердің әңгімесіне" теңеді.

Айта кетейік, сұхбатта Әшкеевтің төбелес үшін түрмеде отырып шыққан кездері сөз болды.

Бұл тақырыпқа қалыпты қараған ол ақымақтығы үшін темір торға тоғытылғанын алға тартты.

Сіздің реакцияңыз
12
2
2
1
2
19
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel