RU
Арыстағы жарылыс: 13 ересек адам мен екі бала жансақтау бөлімінде жатыр

Арыстағы жарылыс: 13 ересек адам мен екі бала жансақтау бөлімінде жатыр

Рассказать Вконтакте

Арыстағы жарылыстан соң, дәрігерлердің көмегіне жүгініп жатқан жергілікті тұрғындардың легі толастар емес. Қазіргі таңда, жансақтау бөлімінде 13 адам мен екі бала жатыр деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр

Фото: видеодан кадр

Соңғы екі күнде дәрігерлерге өзін жайсыз сезінген 165 адам жүгінді. Олардың 74-і ауруханада медицина қызметкерлерінің жіті бақылауында қалды.

Кейбір зардап шеккендер аудандық больницаларға жатқызылған. Жағдайы ауыр болып есептелген тұрғындарды Шымкент қаласына жіберді.

Қазіргі таңда, жансақтау бөлімінде 15 адам жатыр. Олардың 13-і ересек адамдар болса, екеуі бала болып шықты.

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов науқастардың барлығы облыста қалатынын мәлімдеді. Министрлік басшысы оларды басқа республикалық орталықтарға көшірудің қажеті жоқ екенін жеткізді. Оның айтуынша, қажетті хирург, нейрохирург, комбустиолог және тағы да басқа мамандар өңірге өздері келді.

Министр дәрігерлердің тиісті медициналық көмек көрсетуі үшін қажетті заттардың барлығы бар екенін айтты.

Оған қоса, оның сөзінше, республика аумағында "жедел жәрдем" қызметінде жүрген дәрігерлер қажет болған жағдайда Түркістан облысына келіп, көмек көрсетуге даяр.

Дереккөз: КТК

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel