Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Соғыс болғандай: Бір күнде жойыла жаздаған Арыстың жай-күйі қандай?

Опубликовано:

24 маусым күні Арыстағы әскери бөлімшеде орын алған жойқын жарылыстан қаладағы 7600 үйге зақым келген. Біріне снарядтар түсіп, толығымен үй қирап қалса, енді бірінің терезелері мен шатырлары сынған деп хабарлайды өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі.

фотореп
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Түркістан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Нұрғали Жүнісовтің мәліметінше, алапат өртті сөндіруге 363 қызметкер мен 49 техника жұмылдырылған.

45 өрт ошағы сөндірілген.

фотореп
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

ҚР Төтенше жағдайлар комитетіндегілер қаладағы ғимараттардың 80-90 пайызына зақым келгенін ресми айтты.

Әскери бөлімше аумағына жақын орналасқан үйлер мен нысандардың қирап қалғаны соншалық, құдды бір соғыс орын болғандай кейіпте.

фотореп
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Жарылыс орын алған сәтте қауіпсіз аймақты паналамақ болып бас сауғалап кеткен кейбір тұрғындар үйлері ашықтан-ашық қалған.

Көптеген дүкендер мен дәмханалар да қараусыз.

фотореп
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Тауарлар шашылып жатыр. Мұндай көрініс орталық базар аумағында көптеп байқалады.

фотореп
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

 

фотореп
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

фотореп
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Кейбір көшелерде иесі жоқ көліктер қалып қойған. Жылқылар да қараусыз жайылып жүр. Қалада электр жарығы мен байланыс ажыратылған. 

фотореп
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

«Жарылыстан соң қаладағы банктер тоналып жатыр екен» деген әңгіме шыққаны рас. Бірақ, бұған ол нысандарды күзетіп отырған қызметкерлер жоққа шығарды.

«Жарылыс басталғалы бері осындамыз. Міндетіміз - осы, бізге тиесілі нысандарды бақылау. Әрине, қорқыныш болғанымен, халықтың маңдай терімен тапқан ақшалары осында сақталғандықтан бақылау – парызымыз.

Мен өзім кезінде әскери қызметте болғанмын, қазір күзет агенттігіндемін. Біз банктер мен ломбардтарды күзетеміз.

Ол жерлерде ешқандай тонау әрекеттері орын алған жоқ. Күндіз-түні бақылап отырмыз.

Жарылыс болған күні халықтың үрейін көрсеңіз. Көз алдымда. Аманшылық болсын», - деді күзет агенттігінің қызметкері Пернехан Бекмұрзаев.
фотореп
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Ал Түркістан облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі жарылыстан соң қалада көлік, дүкен, мал ұрлығы секілді бес фактінің орын алғанын мәлімдеді.

Қазіргі таңда оның төртеуі ашылып, күдіктілер тергеліп жатыр. 

фотореп
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Қалада қалғандардың басым көпшілігі тәртіп сақшылары мен төтенше жағдайлар қызметіндегілер.

Түркістан облыстық Полиция департаментіне қарасты Әкімшілік полиция басқармасының басшысы Алмасхан Тастанбеков бүгінде қаланы мыңға жуық тәртіп сақшысы бақылауға алғанын айтты. Оның жартысы «Ұлан» қызметкерлері.

Полицейлер қараусыз қалған үйлер мен нысандарда ұрлық фактілерінің алдын алуға міндеттелген. Ол үшін тәртіп сақшылары тәулік бойы жұмыс жүргізуде.

Одан бөлек олар қалада қалып қойған тұрғындарыдң қауіпсіз аймаққа шығуын да қамтамасыз етеді. Түсіндірме жұмыстары тоқтаған емес.

фотореп
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Жарылыс орын алған күннің ертеңіне үйлеріне оралғысы келгендер де аз болмаған. Бірақ қалаға кіре берістегі бекеттерде полицейлер тұрғындарды кіргізбейді.

Тек құжат пен керекті заттарын алып шығуға ғана рұқсат етілген. Оның өзі полицейлер бақылауында.

Дегенмен ТО ПД Әкімшілік полиция басқармасының басшысы түрлі жолмен қалаға кіргендердің барын жоққа шығармады. Яғни, қыр мен сайды өтіп келгендер.

Соған қарағанда тұрғындар қауіптілік қатерін онша ұғына бермейтіндей. Сол себептен полицейлер қазіргі таңда Арыста қанша тұрғыннан қалғанын нақты айта алмады.

фотореп
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Арайлым Абдухманова полицейлер ішкі кіргізбейді деп қаланың келесі бетіндегі жазық дала арқылы арқылы үйіне келген.

"Мақсатым құжаттар мен балаларымның киім-кешегін алып кету", - деп отыр. Кейін Шымкенттегі туысының үйіне қайта оралады.

Жарылыс болған күні таңертең ерте дүкенге нан алуға шыққан келіншек қаланың түтінге оранғанын байқадым дейді. Бірақ мән бермеген.

Үйге келіп таңғы асын ішіп отырғанда жарылыс орын алған. Ол кезде үйде қайын атасы мен ұлы болған.

Кейін көлікке отырып, балабақшадағы қызын алуға барады. Бірақ, нәтижесіз болыпты. Себебі ондағы бүлдіршіндер бұл уақытта қала сыртына эвакуацияланып үлгерген.

Жанын шүберекке түйген жас ана қызымен тек кешкі уақытта бір-ақ Шымкентте қауышқан.

фотореп
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Жас келіншек осындай қиын кезде кейбір азаматтардың жан пайдасын ойлағанына қынжылып отыр.

Айтуынша, жарылыс болып, абыр-cабыр орнағанда жолай әлдекімді алып кету былай тұрсын, кейбір тұрғындар шөлдеген халыққа су сатып пайдаға кенелгісі де келіпті.

фотореп
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті жарылыс болған күні 39 мың тұрғын өз күштерімен қаладан кеткен дейді.

3566 адам арнайы қызмет көмегімен қауіпсіз жерге эвакуацияланған. Бүгінгі таңда олардың 1946-ы адам эвакуациялық бекеттерді паналап отыр. 

Жарылыстан қалған снарядтарды жинау жұмыстары – саперлерге жүктелген.

фотореп
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original
ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Бақыт Құрманбаев кешегі күннің өзінде Арыстағы 16 көшеден 70-тен астам жарылмаған снаряд табылғанын айтты. Ал әскери бөлімше мен үйлердегі снаряд қалдықтарын жинау енді жүзеге асырылады.

Қаланың кейбір көшелеріне қауіпті аймақ деген белгілер орнатылған.  

фотореп
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Айта кетрелігі, әскери бөлімшедегі оқ-дәрі қоймасының 90 пайызы жойылған. Демек қауіптілік бәсеңдеген.

Бірақ тұрғындардың қалаға кіруіне әлі де рұқсат жоқ. Себебі қала толықтай снарядтардан тазартылуы тиіс.

фотореп
Фото: KAZ.NUR.KZ: Original

Вице-министр ол жұмыстар үшін екі күн қажеттігін айтты. Ал әзірге өңірде төтенше жағдай уақыты тоқтатылмайды. Арысқа кіре сала қаланы төтеншеліктер мен әскерилер қоршап алған. Арнайы штабтағылар кез келген жағдайға дайын бол үшін сақадай сай.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1801637-sogys-bolgandaj-bir-knde-zojyla-zazdagan-arysty-zaj-kji-kandaj/

pixel