Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаңа түскен келіннің аяғына қасқырдың терісін қойған асаба жұртқа ұнамай қалды

Опубликовано:

Әлеуметтік жедіе жаңа түскен келіннің аяғына қасқырдың терісін қойған асмбаның видеосы тарап кетті. Алайда , оның беташарда істеген әрекеті көпшілікке ұнамай қалған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр: Twitter
Бейнежазбада асаба "Әулетке қасқыр жүректі, айбатты, айбынды ұл тусын деп келіннің аяғынан сыз өтпесін деп арнайы қасқыр ішіктен тігілген мамық тонның үстіне тұрғызған жайымыз бар"- дейді.

Артынша, бетінде ақ орамалы бар келін қасықырдың ішігіне келіп тұрады.

Бұл видеоны көрген желі қолданушылар түрлі пікірлер жазып қалдырды.

"Әйел адам оның ішінде жас түскен келін жыртқышқа жоламас болар", "Қазақта 40-жастан аспаған ер адамдарға қасқыр терісінен бас киім киюге болмайды деп естігенмін әжемнен. Қазіргі келіндер одан асып кетсе қайдам, таң қалмаймын", "Қасқыр тері төсеп, өздеріңе шауып жүрмесін. Сосын кім жаман Қатын жаман", "Қазақтың салтын көргің келсе, Маңғыстауға кел", "Қазақта келіннің аяғының астына қойдың терісін төсеген, қасқырдың терісін еш уақытта төсемеген, салтты білмесең салт-дəстүр деп айтудың қажеті жоқ" деді олар.

Сонымен қатар, тулақтың үстіне келіннің сол аяғымен шыққаны да оқырмандар назарынан тыс қалмапты. Тойдың қай жерде және қашан болғаны белгісіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1801642-zaa-tsken-kelinni-aagyna-kaskyrdy-terisin-kojgan-asaba-zrtka-namaj-kaldy/

pixel