RU
Марғұлан Сейсембай биыл Астана күнін тойламау туралы ұсыныс айтты

Марғұлан Сейсембай биыл Астана күнін тойламау туралы ұсыныс айтты

Рассказать Вконтакте

Қоғам қайраткері әрі кәсіпкер Марғұлан Сейсембай Арыстағы қайғылы жағдайға байланысты биыл астана күнін тойламауды ұсынды. Ол мерекелік шараны өткізуге кететін қаражатты зардап шеккендерге көмек ретінде жіберуге шақырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: astana.gov.kz

Көрнекі фото: astana.gov.kz

"Биыл астана күнін тойлаудың қажеті жоқ деп есептеймін. Оған кететін қаржыны одан да Арыс қаласындағы тұрғындарды эвакуациялау мен көмекке жұмсауды ұсынамын. Барлығы көмектесу керек. Мемлекетте мұндай сұмдық болып жатқанда тойлаған орынсыз" , - деп өз пікірін білдірді ол Facebook парақшасында.

Бұл ұсынысты саясаттанушы Ислам Кураев та қолдады.

"Астана күніне бөлінген барлық қаржыны Арыс қаласына аударуды толықтай қолдаймын" , - деп жазды Кураев Facebook желісінде.

Айта кетейік, былтыр Астананың 20 жылдығына 19 млрд теңге аудару жоспарланған болатын.

Астана күні - Қазақстанның мемлекеттік мерекесі. Ол алтыншы шілде күні тойланады. 1994 жылдың алтыншы шілдесінде Қазақстанның жоғарғы кеңесінің қаулысына сәйкес, астана Алма-Атыдан Ақмолаға ауысты.

Сіздің реакцияңыз
1
0
2
0
0
35
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel