RU
"Әдейі суретке түсемін": Ғашығына ерегісіп тұрмысқа шыққан әйел мұңын шақты

"Әдейі суретке түсемін": Ғашығына ерегісіп тұрмысқа шыққан әйел мұңын шақты

Рассказать Вконтакте

Бүгінде қызғалдақтай қызы мен асықтай ұлы, өзін сүйетін күйеуі бар келіншектің жүрегі тыныштық таппай жүр. Өмірі өрнектей өрілсе де, оның өзегін өртейтін бір өкініші бар. Ол әлі күнге дейін сүйетін ғашығына қосыла алмай кеткені деп хабарлайды "Алаш айнасы".

Көрнекі фото: huffpost.com

Көрнекі фото: huffpost.com

Келіншек қаншама күндерін бірге өткізген ғашығын сағынады. Ал оған ерегісіп тұрмысқа шыққанын өкінішке теңейді.

"Сен білесің бе, мен саған ерегісіп тұрмыс құрдым. Əрдайым суретке күліп түсіп, сен көреді-ау деген барлық парақшаларыма жүктедім. Мені қандай бақытты екенімді көрсін, мен онсыз да бақытты бола алатынымды көрсін дедім. Бірақ мен қателесіппін. Сенсіз жүре алады екем, бірақ жүрекке əмірімді жүргізе алмадым. Сені əлі сүйемін",-деп жазды ол.

Әйелдің сөзінше, қосылмаған ғашығы да басқа біреумен отау құрып кеткен екен.

"Сен де маған ерегісіп, біреудің жалғыз қызын алдың. Некеде екеуің де бақытты емессіңдер. Ол қызға да обал. Мен де жақтырмас едім, күйеуім мені басқа біреудің есімімен атап, басқаны сүйем десе. Бірақ мені талай жылатқан, мені талай көз жасым мен өксігіме тұншықтырған күндер мен түндердің өтеуі деп біл осыны. Сені қаншалықты сүйсем, соншалықты жек көрдім. Жүрегім əлі де сені іздейді, сағынады. Мені сүйетініңді білем. Бірақ соны кеш мойындағаныңа налимын. Мені сүйетініңді айту үшін міндетті түрде сенен кетуім керек болды ма? Міндетті түрде сен жылауың керек болды ма? Мойындағаның үшін рахмет!"- деді келіншек.

Махаббатты сезіне алмай күн кешіп жүрген әйел өзін сүйген жандардың еш жазығы жоқ екенін айтады.

"Бақыт тілеймін саған. Шын ғашықтар қосылмайтынына көзім жетті. Мүмкін біздің қосылмағанымыз - менің қызым мен ұлымның, жəне сенің енді өмірге келетін сəбиіңнің көрер жарығы шығар?!",- деп түйнідеді ол.
Сіздің реакцияңыз
5
3
1
7
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel