Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Арыстағы жарылыс: Қаза тапқандар саны үшеуге жетті

Опубликовано:

Қазақстанның ішкі істер министрлігі төтенше жағдайлар комитеті Арыстағы жарылыс салдарынан қаза тапқандардың саны үшеуге жеткендігін мәлімдеді деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ
Көрнекі фото: NUR.KZ: Original

Хабарламада 26 маусымдағы 6.00 жағдай бойынша төтенше жағдай мен оның салдарын жою орнында ішкі істер министрлігінің күштері мен құралдарын топтастыру жеке құрамның 1251 адамы және 188 бірлік техника жұмылдырылған, оның ішінде азаматтық қорғау органдарының 346 қызметкері мен 48 бірлік техникасы, 358 қызметкер мен 75 бірлік полиция техникасы, 547 әскери қызметші мен 65 бірлік техникалары бар екендігі айтылды.

Ведомтсво Арыс қаласының аумағында ТЖК өрт сөндіру қызметінің күшімен 52 өрт жойылғанын атап өтті.

Сондай-ақ, Түркістан облысы полиция департаментінің, Ұлттық ұланның қызметкерлері Арыс қаласын қоршап, күзетіп жүргенін жеткізді.

Қаланың периметрі бойынша бекеттер қойылғаны да хабарланды

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 3 тонау фактісі анықталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1801657-arystagy-zarylys-kaza-tapkandardy-sany-seuge-zetti/

pixel