RU
Сүйгені үшін екі баласынан бас тартқысы келетін әйел жұрттан кеңес сұрады

Сүйгені үшін екі баласынан бас тартқысы келетін әйел жұрттан кеңес сұрады

Рассказать Вконтакте

Есімі жасырын болып қалған келіншек ажырасқаннан кейін алты жыл өткен соң өзінің шынайы махаббатын жолықтырғанын astana__forum тобына жазып, жан сырын ақтарды. Алайда әйел адамға оның болашақ жары балаларын өзінің ата-анасына тастап кетуді ұсыныпты. Ару өмірлік махаббатының талабына көнер көнбесін білмей жұрттан ақыл сұрады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: semyaizakon.ru

Фото: semyaizakon.ru

Жасы 30-ға таяған келіншек 6 жыл бұрын ажырасып, енді шынайы сүйіктісін кезіктіргенін алға тартты. Оның сөзінше, ғашығы мейірімді, жақсы жан екен.

"Ажырасқанмын, жасым 29 да. Екі ұлдың анасымын. Үлкені 7 жаста кішісі 5 жарымда. Осыдан 6 жыл бұрын айрылысып кеттік, бұрынғы куйеуімнің қазір отбасы бар. Басқа қалада тұрады. Міне енді меніңде жүрегіме көктем келген сияқты. Басқа қаланың бір жігітімен таныстым, өте тамаша жан, мені барыммен қабылдады, мен үшін барын жасап жүр. Мейрімді жан, махаббатын барлық жерде көрсетіп жүр", - дейді әйел адам.

Келіншектің айтуынша, ер азамат аруға бірнеше рет үйленуге ұсыныс жасаған. Алайда екі баланы ата-анасына тастап кетуді сұраған.

"Үйленейік дейді бірақ екі ұлыңды ата-анаңа тастап кетші, 20 жасқа толғанша көмектесеміз дейді. Келіп тұрасың дейді. Басым қатты. Бір жағынан мен анамын екінші жағынан екінші бақытымды таптым. Бірінші некемде мен мұншалықты бақытты бола алмаған едім. Бірнеше рет маған үйленуге ресми түрде ұсыныс жасады", - дейді кейіпкер.

Бір жағынан балаларынан бір жағынан махаббатынан айырылып қалуға қорқатын келіншек әйел адам көпшіліктен ақыл сұрады.

"Өте қатты қорқамын, ұлдарым мені болашақта кешірмесе ше? Екінші жағынан мен ешқашан мұндай жанды жолықтырмасам ше?", - дейді ол ағынан жарылып.
Сіздің реакцияңыз
24
2
0
0
2
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel