RU
"Әйелі мен баласы қалды": Арыста көз жұмған үшінші адам туралы тың ақпарат шықты
Жаңалықтар Қоғам

"Әйелі мен баласы қалды": Арыста көз жұмған үшінші адам туралы тың ақпарат шықты

Рассказать Вконтакте

Қорғаныс министрінің орынбасары Тимур Дандыбаев Орталық коммуникациялық қызметінің баспасөз маслихатында Арыста қайтыс болған үшінші адам туралы айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Көрнекі фото: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Оның сөзінше, көз жұмған жігіт Әбдікүл Нұрланұлы Ахметов Арыс қаласының тұрғыны. 1987 жылы туған. Үйленген баласы бар.

Дандыбаев 2013 жылы келісім-шартпен қызметке келгенін, соңғы шені бөлім командирі болғанын атап өтті.

"Өкінішке орай, кеше бір әскери қызметкер медицина мекемесінде алған жарақаты салдарынан қайтыс болды", - деді қорғаныс министрінің орынбасары.

Дандыбаев әскери қызметкердің жанұясына қаржылай көмек көрсетілетінін жеткізді.

Еске сала кетсек, бүгін Қазақстанның ішкі істер министрлігі төтенше жағдайлар комитеті Арыстағы жарылыс салдарынан қаза тапқандардың саны үшеуге жеткендігін мәлімдеді.

Сіздің реакцияңыз
1
1
0
20
1
0
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel