RU
Төреғали Төреәлі тағы да жанды дауыста ән айта алмай қалды (видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Төреғали Төреәлі тағы да жанды дауыста ән айта алмай қалды (видео)

Рассказать Вконтакте

Қазақстандық әнші Төреғали Төреәлі концертте ән орындап жатқанда бірнеше нотаға түсе алмай, ыңғайсыз жағдайға тап болды деп хабарлайды "Ревю" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Қазақстандық әнші Төреғали Төреәлі Нұрғиса Тілендиевтің "Өз елім" "әнін шырқап жатқанда қажетті нотаға түсе алмай қалды.

Кадрларда әнші бірнеше ноталарға жете алмағандықтан өзінен микрофонды алыстатқанын байқауға болады. Абырой болғанда, Төреғали симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен және басқа әншімен дуэт орындаған, сондықтан композиция толық сәтсіздікке ұшыраған жоқ.

Оқиғаны түсіндірген әнші өзі ән айтқанда дауыстың әдейі бәсеңдеуі мүмкін дейді. Төреғали бұл әрекетке әлдекімдер көрермен тарапынан өзінің вокалдық қабілетіне күмән тудыру үшін барған болуы мүмкін деп отыр.

Оның айтуынша, орындауға көптеген факторлар әсер етеді.

"Әр кезде әр қалай. Кейде көңіл-күй болмайды, кейде дауыс шынымен отырып қалады. Барлық жағдай болады. Халық оған түсіністікпен қарайды", -деді әртіс.

Алайда, қазақ эстрадасының примадоннасы Роза Рымбаева бұл тұрғыда мүлде басқа пікірде. Халық әртісі жас өнерпаздардың ән орындауға байланысты түрлі сылтаулары мен себептерін түсіне алар емес. Себебі, ол сыртқы факторларға тәуелсіз, қайда және қашан болса да бірдей ән орындайды.

"Маған неге кедергі болмайды? Мен ауылда да, стадионда да, қалада да, көшеде де жанды дауыста айтамын. Түсініксіз, бірақ маған ештеңе кедергі келтірмейді", -деді ол.

Ал танымал орындаушы Ғалымжан Молданазар да осындай көзқарас ұстанады.

"Менің ойымша, сен әнші болсаң, жанды дауыста ән айтуың керек. Айта алмасаң, сахнаға шықпауың қажет", -дейді ол.

Сіздің реакцияңыз
25
1
1
2
0
1
4
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel