RU
Шымкентте жарылыс болады деген ақпарат елді дүрліктіріп жатыр
Жаңалықтар Қоғам

Шымкентте жарылыс болады деген ақпарат елді дүрліктіріп жатыр

Рассказать Вконтакте

Желіде Шымкент қаласында жарылыс болады деген ақпарат тарап, жергілікті халықты дүрліктіріп қойды. Зәресі ұшқан халық үрейлі хабарға сенер-сенбесін білмей жатыр. Бұл орайда, Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі елді сабырға шақырып, ақпараттың жалған екенін мәлімдеді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Барлық әлеуметтік желілерде "Шымкент қаласында "Луна" жарылғыш заты екі сағатта жарылады. Мамандар күннің ыстығының қызуынан болатын жарылысты тоқтатуға дәрменсіз" деген ақпарат тарап елді дүрліктіріп жатыр.

Үрейленген тұрғындар арасында​ қаланың қауіпсіздігіне күмәнданғандар да аз емес. Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаменті бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтады.​ 

"Құрметті қала тұрғындары! Қазіргі уақытта Шымкент қаласында әлеуметтік желілерде «Луна» жарылғыш заты 2 сағат ішінде жарылады деген мәліметтер таратылуда. Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департменті бұл ақпараттың жалған екенін хабарлайды" , -деп хабарлайды Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі
Сіздің реакцияңыз
5
3
3
7
2
1
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel