Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Батыр не қорқақ екенін білмеймін": Дандыбаев шулы видеоға қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Қорғаныс министрінің орынбасары Тимур Дандыбаев Арыстағы жарылыс кезінде ата-анасын жақсы көретінін айтып, жылап видео түсірген әскери қызметкерге байланысты пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Тимур Дандыбаев. Фото: mod.gov.kz, Исатай Әлібаев. Видеодан кадр/Instagram
Тимур Дандыбаев. Фото: mod.gov.kz, Исатай Әлібаев. Видеодан кадр/Instagram: UGC
"Әскери қызметтің өзіндік ерекшелігі бар және психологиялық ауыртпалыққа ие болып табылады. Бізде әріптестің, әсіресе командирлердің әрекеті туралы талқылауға болмайды. (...)
Өздеріңіз баға берулеріңізге болады. Мен оның батыр не қорқақ екенін білмеймін. Мен оған баға бере алмаймын, өмір көрсетеді", - деді Дандыбаев. 

Қорғаныс министрінің орынбасары төтенше жағдайларды жою кезінде әріптестерінің лайықты деңгейде қызмет еткенін атап өтті.

Еске сала кетейік, 24 маусым күні таңғы сағат 09:20-да Арыста орналасқан әскери бөлімшедегі қоймада жарылыс болды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс, Ішкі істер министрліктеріне және Түркістан облысы әкіміне жарылыс зардаптарын жоюды тапсырма беріп, кейін оқиға орнына өзі аттанды.

Жағдаймен жеке танысу үшін Түркістан облысына келген президент жарылыстан зардап шеккендер мен тұрғындардың хал-жағдайын біліп, мемлекет тарапынан барлық көмек көрсететілетінін айтты.

Сондай-ақ, президент зардап шеккен үйлерді аралап, бірқатар нақты тапсырма берген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1801692-batyr-ne-korkak-ekenin-bilmejmin-dandybaev-suly-videoga-katysty-pikir-bildirdi/

pixel