RU
Арыстағы жарылыс: 10 жолаушылар пойызы бағытын өзгертті
Жаңалықтар Қоғам

Арыстағы жарылыс: 10 жолаушылар пойызы бағытын өзгертті

Рассказать Вконтакте

Ұлттық тасымалдаушы бүгіннен бастап 10 жолаушылар пойызын оңтүстік өңірді айналып өтіп, баламалы бағытпен жүргізуге шешім қабылдады. Бұл Арыстағы әскери қоймада болған жарылыстың салдарынан жабылған бекетпен байланысты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: KAZ.NUR.KZ.

Фото: KAZ.NUR.KZ.

"Берілген ақпарат жөнелту нүктелері мен аралық нүктелерге қатысты барлық бекеттерге тарады.
Жол жүруден бас тартқан жағдайда жолаушыларға 100 пайыз билеттің құны қайтарылатын болады.
Ұлттық тасымалдаушы жағдайға түсіністікпен қарап, кестедегі өзгерістер жайлы 105 анықтамалық қызмет нөміріне хабарласуды сұрайды", - деді брифинг кезінде клиенттерге қызмет көрсету және жұмыс істеу "Жолаушы тасымалы" АҚ департаментінің директоры Әлібек сұлтанов.

Оның ақпаратынша, әңгіме "Алматы-Саратов", "Қызылорда-Семей", "Ақтөбе-Алматы", "Алматы-Атырау", "Ақтөбе - Алматы", "Атырау-Алматы", "Алматы-Түркістан", "Нұр-Сұлтан-Қызылорда", "Маңғыстау-Алматы" және "Алматы-Орал" бағытындағы пойыздар жайында.

"Уақыты өзгеретін болады. Оның қозғалыс графигіне барынша жақын болуы үшін барлық шаралар қолданылуда.
Физикалық тұрғыдан қарайтын болсақ, жолдың ұзақтығы 10% -ы құрайды, яғни, "Жезқазған-Жарық" бағыты Шымкент пен Түркістан арқылы жүргеннен 10% -ға ұзаратын болады. Алайда әр учаскеде түрлі инфрақұрылым бар екенін де ұмытпау керек. Бір жолдық және екі жолдық учаскелер бар.
Бірақ диспетчерлер жолаушы пойыздарын жылдам өткізу үшін барлық жағдайларды қарастыруға басымдық беріп отыр", - деп түйіндеді спикер.

Естеріңізге сала кетейік, 24 маусымда Түркістан облысы, Арыс қаласындағы әскери бөлімнің оқ-дәрі қоймасында жойқын жарылыс болып, салдарынан екі адам көз жұмған болатын.

26 маусымда ТЖК қаза тапқандардың саны үш адамға жеткендігін хабарлады.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel