RU
Мұғалімдер Арыстағы жарылыс кезінде жас келіншекті қалай босандырып алғанын айтты (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Мұғалімдер Арыстағы жарылыс кезінде жас келіншекті қалай босандырып алғанын айтты (фото)

Рассказать Вконтакте

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Арыс қаласындағы жарылыс кезінде 23 жастағы әйелді босандырып, ерлік танытқан ҰБТ комиссия мүшелерін марапаттады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Қатты қиналды": Мұғалімдер жарылыс кезінде келіншекті қалай босандырып алғандарын айтты

Фото: NUR.KZ

"Ұстаздарымыз осындай. Екі күн бойы жоғары деңгейде ҰБТ өткізді. Ешбір наразылық пен шағым түспеді. Қиын сәт туындағанда әріптестеріміз абдырамай адамгершілік танытып, алғашқы көмек көрсеткен.
Олар өмірге адам келуінің куәсі болды. Енді олар кіндік шеше атанды. Ал біз БҒМ оларға алғысымызды білдіргіміз келеді. Біз сіздерді мақтан тұтамыз", - деді Аймағамбетов.
"Қатты қиналды": Мұғалімдер жарылыс кезінде келіншекті қалай босандырып алғандарын айтты

Фото: NUR.KZ

Білім және ғылым министрлігінің өкілі Балбөпе Өтенова жарылыс кезінде келіншекті қалай босандырып алғандарын айтып берді.

Оның сөзінше, олар №1 мектепте ҰБТ-ның екі легін абыроймен өткізіп, соңғы аппеляция отырысын өткізуге дайындалып жатқан.

"Қатты қиналды": Мұғалімдер жарылыс кезінде келіншекті қалай босандырып алғандарын айтты

Фото: NUR.KZ

Алайда 9:15-те төтенше жағдай болып, адамдарды шұғыл қаладан шығара бастаған.

"Жарылыс басталған кезде жергілікті тестілеу орталығында жұмыс істеп жатқанбыз. Жарылыс болғанда, мектепте болатынбыз. У-шу басталып кеттік.
Қаланы дұрыс білмегендіктен, қайда қашарымызды білмедік. Топтың артынан жүгіре бердік. Қаладан шығар жолда көліктер балалар мен қарияларды әкетіп жатты. Біз балаларды бірінші әкетсін деп көлікке отырмадық.
Жаяу келе жатқан едік, қасымызға Досмұхамед есімді жігіт тоқтады. Ол бізді 41-ші жол айырығына дейін жеткізіп салды. Жолда әжелер мен балаларды жолықтырдық, бәрін көлікке отырғызып, жеткізіп салдық", - деді Балбөпе Өтенова.
"Қатты қиналды": Мұғалімдер жарылыс кезінде келіншекті қалай босандырып алғандарын айтты

Фото: NUR.KZ

Әріптестері Жанат Нұржұманова мен Шайза Доскеева үшеуі қаладан шығып бара жатқанда аяғы ауыр келіншекті жолықтырған. Оны акушерімен бірге көлікке отырғызып алған екен.

"Есімі Кенже. Оның толғағы басталып, сағат 8-де түскен екен. Келіншекті тіркеп жатқанда, жарылыстар басталып, ол акушермен бірге қашып шыққан...
Келіншек өте батыл, қайсар екен. Оларды біз жолықтырғанға дейін олар бірнеше шақырымды жаяу жүріп өткен. Біз аурухана іздедік, бірақ адамдар қашып жатты, ешкім ештеңе айта алмады. Сөйтіп, Ақжар ауылына дейін жеттік.
Бізді Гүлмира есімді әйелдің отбасы қарсы алып алды. Ол бізге бөлме беріп, таза жатын орын, су мен жаялықтар, тіпті немересінің жейдесін де берді. Біз қолымыздан келгенше көмектестік.
Нәресте тірі екен, оның үстіне кіндігі оралып қалыпты. Бірақ акушердің тәжірибесінің арқасында Кенже қыз босанды.
Үй иелері оған бар жағдайды жасап берді. Жедел жәрдем келгенше оған барлық жағынан көмектесті. Сосын біз келіншектің күйеуі мен енесімен хабарластық. Қыз босанғанын айтып, қайда екенін хабарладық", - деп Өтенова оқиға желісімен бөлісті.

Өмірге келген қыз балаға оларды төтенше жағдай орнынан алып шыққан жүргізушінің анасының есімі берілген.

"Қыз балаға Камила деп ат қойылды. Бұл есім бізді жеткізген жүргізушінің анасының құретіне қойылды. Кіндігін өзім кестім. Екі қыздың анасы едім, енді үшінші қызым бар. Онымен хабарласып, өскенін бақылаймын", - деп сөзін қортындылады ол.

Босанған келіншектің есімі Кенже. Ол 1996 жылы дүниеге келген. Бұл оның екінші баласы екен.

Еске сала кетейік, 24 маусым күні Арыста бірнеше жойқын жарылыс орын алып, қала тұрғындары қаладан жаппай көшірілген еді.

23 жастағы келіншектің босанғаны туралы жазған едік.

Жарылыс салдарынан үш адам көз жұмғаны белгілі болды.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
4
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel