RU
"Жәрдемақыға күнелтетіндерге берілмейді": Скляр 2 пайыздық ипотеканың шартын түсіндірді
Жаңалықтар Қоғам

"Жәрдемақыға күнелтетіндерге берілмейді": Скляр 2 пайыздық ипотеканың шартын түсіндірді

Рассказать Вконтакте

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында жеңілдетілген баспана ипотекасының шарттары туралы айтты деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Министрдің сөзінше, шілде айынан бастап жеңілдетілген ипотекалық кредиттерді беру басталады.

Ол несиенің жылдық мөлшерлемесі 2 пайыз, ал алғашқы жарнасы 20 пайыз көлемінде бекітіліп отырғанын жеткізді.

Роман Скляр бұл кредиттер 20 жылға берілетінін алға артты.

Оның айтуынша, жеңілдетілген ипотека көпбалалы отбасыларға, толық емес отбасыларға және мүгедек баласы бар отбасыларға беріледі.

"Біздің есебімізге сәйкес, қарыздың көлемі 8-10 миллион теңге болса, ай сайын шамамен 50-60 мың теңге төлеу керек. Негізі, бұл көп ақша емес. Себебі бүгінде дәл осы ақшаға отбасылардың көбісі шағын бөлмелерді жалға алып тұрады. Енді ол ақшаны өз үйлеріне құюға мүмкіндік болады", - деді министр.

Роман Скляр аталған бағдарлама "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ арқылы жүзеге асатынын атап өтті.

Министрдің сөзінше, жеңілдетілген ипотеканы алу үшін үйде бір адам болса да жұмыс істеу керек. Себебі мемлекеттік жәрдемақылар табыс көзіне жатпайды.

"Атаулы әлеуметтік көмек қана алып отырған отбасыларға жеңілдетілген ипотека берілмейді. Үйде нақты бір табыс көзі болуы қажет. Бір адам болса да, жұмыс істеуі керек", - дейді Скляр.

Сіздің реакцияңыз
0
2
1
1
2
8
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel