RU
Арыстағы жарылыс кезінде пайда болған бұлт неліктен ядролық саңырауқұлаққа ұқсас болды?

Арыстағы жарылыс кезінде пайда болған бұлт неліктен ядролық саңырауқұлаққа ұқсас болды?

Рассказать Вконтакте

Қорғаныс министрінің орынбасары Тимур Дандыбаевқа Арыстағы төтенше жағдай кезінде пайда болған бұлттың неліктен ядролық жарылыс кезінде болатын саңырауқұлаққа ұқсағаны туралы сауал қойылды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Дәндібаев бұған: "Бұл қарапайым жарылыстың нәтижесі. Оқ-дәрілерде ешқандай ядролық заряд болмады" деп жауап берді.

"Мұның сіз айтпақшы саңырауқұлаққа ұқсауының себебі - үлкен оқ заряды болған. Сіздерді тыныштандыру үшін айтайын: ол жерде сақталған оқ-дәрілерде ешқандай" ядролық заряд болмаған. Тұрғындар үшін ешқандай зардап тигізбейді", - деп хабарлады министрдің орынбасары.

Сондай-ақ ол қазіргі уақытта комиссия жарылыстың себебі мен қандай жағдайларға байланысты болғанын анықтап жатқанын айтты.

Естеріңізге сала кетейік, Арыстағы әскери қоймада болған жарылыстың салдарынан үш адам қаза болды. Бірінші болып көз жұмған әскеридің артында төрт баласы қалған.

Сонымен қатар, екі әскери қазіргі уақытта ауыр халде жатыр.

Сіздің реакцияңыз
0
5
0
3
2
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel