RU
Арыста әскерилер дәрменсіз күйде болған 80 жастағы әжейді тапты

Арыста әскерилер дәрменсіз күйде болған 80 жастағы әжейді тапты

Рассказать Вконтакте

Ұлттық гвардияның әскери қызметкерлері Арыс көшелерін күзетіп жүріп, дәрменсіз күйдегі 80 жастағы қала тұрғынын құтқарды деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Ұлттық гвардияның баспасөз қызметі

Фото: Ұлттық гвардияның баспасөз қызметі

Белгілі болғандай 25 маусым күні 15:00-де аға лейтенат Қабылбеков және қатардағы жауынгерлер Ауданбаев пен Төлеубай Әйтеке би көшесін күзетіп жүрген.

Қызметін атқарып жүріп, Ұлттық гвардияның сарбаздары үйлердің бірінен шыққан адамның дауысын естіген.

Олар дыбыс шыққан үйге қарай жүріп, аулаға кіргенде 80 жастағы қарт әжейді байқаған.

Ведомство 80 жастағы Томиса Федоровнаның дәрменсіз күйде болғанын, көмек сұрап жатқанын атап өтті.

Әскерилер әжейдің жеке тұлғасын анықтаған, алайда кейін оның жағдайы күрт нашарлап кеткен.

Сарбаздар оқиға орнына жедел жәрдем шақырып, 15 минутта келген дәрігерлер 80 жастағы қарт кісіні Арыс қаласындағы ауруханаға жеткізген.

Сіздің реакцияңыз
1
1
0
0
0
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel