RU
Қостанайда ер адам жағажайда оқ атып, бойжеткен жараланды
Жаңалықтар Қоғам

Қостанайда ер адам жағажайда оқ атып, бойжеткен жараланды

Рассказать Вконтакте

Әлеуметтік желілерде Қостанайдағы жағажайда белгісіз ер адамның демалушыларға пневматикалық қарудан оқ атқаны туралы хабарлама тарап жатыр. Полиция бұған қатысты пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: borovichionline.ru, жараланған арудың суреті: kstnews.kz

Көрнекі фото: borovichionline.ru, жараланған арудың суреті: kstnews.kz

Хабарды әлеуметтік желіге зардап шеккен бойжеткен таратқан. Ол кеше, 25 маусым күні белгісіз біреудің Қостанайдағы жағажайда пневматикалық қарудан оқ атқанын жазды.

"Оқ менің аяғыма тиді. Ол мұны мақсатты түрде, көпшілік бар жерде істеді. Тиісті шаралар қолға алынды. Бір ғана өтінішім бар - абай болыңыздар" , - деп жазды жәбірленуші.

Пікір қалдырған желі қолданушылары да жағажайда мұндай жағдайға тап болғанын жазды.

Ақпаратты полиция департаменті де растады. Күдіктінің сұр түсті ВАЗ-21099 автокөлігімен жүргені анықталды.

Қазіргі уақытта ол іздестірілуде.

Бұл жағдайға қатысты бұзақылық фактісі бойынша тергеу амалдары басталды.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel