RU
Нұр-Сұлтанда бейбіт митинг өткізуге рұқсат берілді

Нұр-Сұлтанда бейбіт митинг өткізуге рұқсат берілді

Рассказать Вконтакте

Елорда билігі белсенділерге бейбіт митинг өткізуге рұқсат етті. Бұл туралы "Байтақ -Болашақ"экологиялық альянсының басшысы Азаматхан Әміртай Facebook парақшасында жариялады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Нұр-Сұлтанда бейбіт митинг өткізуге рұқсат берілді

Фото: rus.azattyq.org

Ер азаматтың сөзінше, Нұр-Сұлтан әкімдігі 30 маусым күні бейбіт митинг өткізуге рұқсат еткен.

"Шынымды айтсам, митингке ресми түрде рұқсат беретініне күмәндана бастаған едім. Дайындалу үшін уақыт тым аз. Ертең ынталы топты бекітеміз", - деп жазды Әміртай.

Бейбіт митингте ол еліміздің барлық азаматтарының көкейтесті мәселелерін жария етпек. Мысалы, белсенді азамат жұмыссыздық, қазақстандықтардың жалақы мөлшері, көпбалалы отбасылар мәселерін, ІІМ реформалары туралы сөз қозғамақ.

Бейбіт митинг 30 маусым күні Пушкин мен Ш. Құдайбергенұлы көшесінің қиылысындағы саябақта сағат 11:00 мен 13:00 аралығында өтпек.

Еске сала кетейік, қоғам белсендісі Альнур Ильяшев те 30 маусым күні Алматыда бейбіт митинг өткізуге рұқсат берілгенін жариялаған болатын.

Сіздің реакцияңыз
3
0
1
0
1
14
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel