Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Осы маусымда кино сүйер қауымды қандай туындылар күтіп тұр?

Опубликовано:

Биылғы жылы кино сүйер қауымды "Али, рули!" немесе "Надо мною солнце не садится" фильмдері секілді көптеген жаңа туындылар күтуде. Nurtv.kz сіздердің назарларыңызға жұрт тағатсыздана күтетін фильмдердің трейлерлер топтамасын ұсынады.

Фото: filmloverss.com
Фото: filmloverss.com: UGC

1. Надо мною солнце не садится

Фильм желісі бойынша, әкесімен сөзге келісіп қалған Алтан жұмыс істеу үшін Солтүстікке қоныс аударады. Ол бір ай адам жоқ жерде өмір сүруге мәжбүр болады. Алайда көп ұзамай Алтайдың өмірінде Байсал есімді қарт көрші пайда болады. Ол бұл жерге соңғы күндерін өткізу үшін көшіп келген. Қария Алтаннан өзін әйелінің жанында жерлеуді сұрайды.

Бір күні Алтан Байсалдың жас күнінде қызы жоғалғанын біліп қояды. Ол Байсал атайды ойын-сауық видеоблогын ашып, қызын іздеп табуға көндіреді.

2. Али, рули!

Uber-дің қарапайым жүргізушісі жолдан Стю есімді жолаушыны алып кетеді. Ал жолаушы өз кезігінде қаныпезердің артынан аңдып жүрген полиция қызметкері болып шығады.

Жүргізуші өмірдің қиын сынағына тап болып, есін жоғалтуға шақ қалады.

3. Соблазн

Сибил - тәжірибелі әрі табысты психотерапевт әйел. Ол бұрыннан армандап жүрген кітабын жазу үшін тәжірибеден бас тартады. Әйел адам шығармашылық шабытқа мұқтаж болып жүрген кезде оның өмірінде қолдауға мұқтаж болған жас актриса Марго пайда болады.

Жаңа пациентіне тәнті болған Сибилді өзі танымайтын адамның оқиғасы қатты қызықтыра бастайды. Алайда ол өз өмірінің өзгере бастағанын мүлде бейхабар болады.

4. До скорой встречи

Санкт-Петербургтегі жалғыз басты ана мен АҚШ футбол құрамасының жұлдызы арасындағы керемет махаббат хикаясы.

Қауіпті жарақат алған спортшы лайнерде орыс "Күлбикесімен" танысқанша рухы сөніп жүреді. Олар арудың отанында кездесуге уағдаласқанымен, үлкен қалада бірін-бірі жоғалтып алады.

5. Серебряные коньки

1899 жыл, Петербургтегі Рождество мерекесі. Жаңа жүзжылдықтың қарсаңында тағдыр өмірінде кездеспеуге жазған екі адамды кезіктіргендей.

Ол екеуі мүлде екі түрлі әлемнің адамдары. Матвей - шырақшының ұлы. Оның ең басты мұрасы - күміспен қапталған коньки. Ал Алиса - өмірін ғылыммен байланыстыруды жоспарлаған төренің қызы. Олардың әрқайсысының өз оқиғасы бар, дегенмен бір күні бірін-бірі кезіктірген жұп мақсатқа бірге жетуге тырысады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1801774-osy-mausymda-kino-sjer-kauymdy-kandaj-tuyndylar-ktip-tr/

pixel