RU
СҚО-дағы дауылдан шатырлар ұшып, ағаш бен бағаналар құлады (фото)

СҚО-дағы дауылдан шатырлар ұшып, ағаш бен бағаналар құлады (фото)

Рассказать Вконтакте

Қазақстанның солтүстігінде күшті дауыл соғып, ағаштар мен бағаналарды құлатты. Кейбір үйлер шатырсыз қалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алапат дауыл Солтүстік Қазақстанның бірнеше ауданында 25 маусым күні соққан.

Әлеуметтік желіде адамдар желден кейінгі суреттермен бөлісуде.

Фотодан құлап жатқан ағаштарды, ұшырып әкеткен жабындыларды көруге болады. Кей адамдар ұйтқыған жел бақшадағы өсімдіктердің түгін қалдырмағанын айтып, шағымдануда.

Тұрғындардың сөзінше, алғашқыда күшті жел соғып, артынан аспанды қара бұлт басып, бұршақ аралас нөсер жауып, найзағай ойнаған.

Sputnik Қазақстан ақпаратынша, дауыл Жамбыл, Мәмлүт, Шал ақын аудандарын қамтыған.

Облыстық ТЖД агенттікке 25 маусым күні Мәмлүт ауданында күшті жел дүкен, ағаш қора, бірнеше шаруашылық құрылысының шатырын ұшырып әкеткен, электр желісі бағандарын құлатқаын хабарлады. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ.

Жамбыл ауданында көп адамның бақшасындағы еккен көкеністері бүлінген. Ағаштар құлап, шатырлар ұшқан.

Сіздің реакцияңыз
1
1
0
3
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel