RU
Тәжікстан президенті Арыстағы төтенше жағдайға байланысты көңіл айтты

Тәжікстан президенті Арыстағы төтенше жағдайға байланысты көңіл айтты

Рассказать Вконтакте

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Арыс қаласында болған қайғылы оқиғаға байланысты Тәжікстан Республикасының Президенті Эмомали Рахмонның көңіл айту жеделхаты келіп түсті деп хабарлайды Ақорда.

Фото: Ақорда және kremlin.ru

Фото: Ақорда және kremlin.ru

"Едәуір шығынға және кісі өліміне әкелген Арыс қаласында болған жарылыс туралы ақпаратты күйзеліспен қабылдадым. Өзімнің және тәжік халқының атынан Сізге және қаза болғандардың жақындары мен туыстарына көңіл айтамын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып, отбасыларына аман-есен оралуына тілектестік білдіремін",– делінген жеделхатта.

Тәжікстан президенті Қазақстан Үкіметінің шұғыл қабылдаған шараларына тоқталып, қазақстандық жасақтардың эвакуация және қайғылы оқиғаның салдарын жою кезіндегі жанкешті жұмыстарын ерекше атап өтті.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
3
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel