Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте адам өліміне себепкер болған хирург сотталды

Опубликовано:

Шымкентте дәрігер хирург сотталды. "Дау-Мед" медициналық клиникасының бұрынғы хирургы жүргізген ем нәтижесінде Е.есімді азамат көз жұмған. Өзінің кәсіби міндеттерін тиісінше орындамаған дәрігердің үстінен қылмыстық іс қозғалған болатын деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Көрнекі фото: top.st
Көрнекі фото: top.st: UGC

Басты сот талқылауы барысында сотталушы "Д" өзінің кінәсін толық мойындап, істеген ісіне өкінетінін, істің мән-жайын айтып, жәбірленушінің өкілінен кешірім сұрады. Марқұмның туыстарына моральдық шығынды өтегенін айтты.

Жәбірленушінің туыстары сотталушы дәрігерге кешіргенін айтып, соттан темір тордан аман алып қалуды сұраған.

"Шымкент қаласы әл-Фараби аудандық сотының үкімімен сотталушы "Д" екі жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесілді. Үш жыл медициналық қызмет көрсету құқығынан айрылды. ҚР Қылмыстық кодексінің 63-бабының негізінде бас бостандығынан айыру жазасы шартты түрде деп белгіленді. Үкім заңды күшіне енген жоқ,"-деп хабарлайды Шымкент қалалық сотының баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1801803-symkentte-adam-limine-sebepker-bolgan-hirurg-sottaldy/

pixel