Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ішкі істер министрлігі Арыстағы жағдай туралы видео таратты

Опубликовано:

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Арыс қаласында төтенше жағдай туралы ролик жариялады. Ведомство атқарылған істер туралы айтып берді деп хабарлайды ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр: Depositphotos

Роликтен болған оқиғаның сұмдық кадрларын байқауға болады. Видеода қаладан қашқан адамдар мен эвакуацияланған Арыс тұрғындарына көмектескен полицейлер де көрсетілген.

Хабарланғандай, ІІМ қызметкерлерінің бір күндік жалақысы Арыс тұрғындарына аударылған.

Еске сала кетейік, 24 маусымда Түркістан облысы, Арыс қаласындағы әскери бөлімнің оқ-дәрі қоймасында жойқын жарылыс болып, салдарынан екі адам көз жұмған болатын.

26 маусымда ТЖК қаза тапқандардың саны үш адамға жеткендігін хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1801804-iski-ister-ministrligi-arystagy-zagdaj-turaly-video-taratty/

pixel