RU
Арыстағы өрт толығымен ауыздықталды
Жаңалықтар Қоғам

Арыстағы өрт толығымен ауыздықталды

Рассказать Вконтакте

Қорғаныс министрінің орынбасары Бақыт Құрманбаев Арыстағы өрттің толығымен ауыздықталғанын жеткізді деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Арыстағы өрт толығымен ауыздықталды

Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі/instagram

Құрманбаевтың сөзінше, қаланың негізгі көшелері мен алаңдары тексеріліп, тазартылды. Арыста жұмыс істеген саперлер 500 жуық снаряд бөлшектерін тапқан.

"Енді үйлердің аулаларын тексереміз. Қалаға кіруге тыйым салынған. Бұған түсіністікпен қарауды сұраймын. Біз үшін ең бастысы - Арыс тұрғындарының қауіпсіздігі", - деді Қорғаныс министрінің орынбасары.

ТЖК басшысы Владимир Беккер уайымдаудың қажеті жоғын атап өтті. Оның сөзінше, қаладағы жағдай бақылауда.

Сондай-ақ ол азаматтардан ресми ақпаратқа ғана жүгініп, әлеуметтік желідегі қауесетке сенбеуді өтінді.

Еліміздің бас дәрігері Жандарбек Бекшин қалада радиация жоқ екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, қалада залалсыздандыру жұмыстары жүргізіледі.

"Канализация жүйесінің жұмысын қатаң қадағалаймыз. Ол жерде мамандарымыз жұмыс істеуде. Арыстағы эпидемиологиялық ахуал қауіпсіз", - деп баса айтып өтті Бекшин.

Ветеринарлар Арыста төрт дүкен жұмыс істеп жатқанын хабарлады. Осы күндері өлген малдар тіркеледі. Заң аясында өтемақы берілетіні айтылды.

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев эвакуация орындарында көмек арттырылғанын жеткізді. Өңір басшысы қол ұшын созған жергілікті тұрғындар мен бүкіл Қазақстан азаматтарына алғысын білдірді.

Әкім Арыстағы барлық нысандар толығымен ретке келтірілетіндігіне ерекше тоқталды.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
1
0
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel