RU
Атамбаевты қолдаған жақтастары оның үйінің алдына көшіп келді (фото)

Атамбаевты қолдаған жақтастары оның үйінің алдына көшіп келді (фото)

Рассказать Вконтакте

Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевтың Қош-Таш ауылындағы үйінің жанында жақтастары штаб құрды. Адамдар киіз үй тігіп, бетон тақтайлар мен матрастарын алып келген деп хабарлайды Sputnik Қырғызстанға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Бішкек маңындағы Атамбаевтың үйіне жақтастары бетон тақтайлар, матрастар мен киіз үйлер әкелді (фото)

Фото: Sputnik/Табылды Қадырбеков

Атамбаевтың үйінің маңында бетон қорғандар 26 маусым күні қойылды. Бұрынғы президентке қарсы қылмыстық іс қозғалып, бес түрлі қылмысқа қатысты айып тағылғаннан кейін оның жақтастары осындай қадамға барған.

Бішкек маңындағы Атамбаевтың үйіне жақтастары бетон тақтайлар, матрастар мен киіз үйлер әкелді (фото)

Фото: Sputnik/Табылды Қадырбеков

Тақтайлар қақпа алдында және үйге кіре беріс жерге қойылды. Сол маңда төрт киіз үй тігілді, тілшілерге арналған баспасөз орталығы да құрылды.

kabarlar.org ақпаратынша, Алмазбек Атамбаевтың үйінің маңында 700-ге жуық адам жиналған. Адамдар матрастарын әкеліп, тәулік бойы сонда қалуға ниетті.

Бішкек маңындағы Атамбаевтың үйіне жақтастары бетон тақтайлар, матрастар мен киіз үйлер әкелді (фото)

Фото: Sputnik/Табылды Қадырбеков

АКИpress мәліметінше, 26 маусым күні Атамбаев үйіні жанында жиналғандармен кездесті.

Экс-президент мәлімдеме жасап, өзіне қарсы қойылған айыптардың бәрін жоққа шығарды. Ол өз сөзінде, саяси қарсыластарын құрту үшін мемлекеттік органдардың барлық ресурстарын пайдаланып жатқанын айтты.

"Қылмыстық істер қауесет пен ойдан шығарылған сөздер негізінде жүргізілуі мүмкін деп ешқашан ойламаппын...", - дейді ол мәлімдемесінде.

Еске сала кетейік, қырғыз депутаттарының тең жартысы Атамбаевқа тиіспеушілік құқығын алып тастауды қолдаған еді.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
6
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel