Выйти
RU

Айдар Тұрғанбектің анасы екі арыстық отбасыны үйіне паналатқан (фото)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Айдар Тұрғанбектің анасы Арыста болған қайғылы оқиғаға бей-жай қарамай, төтенше жағдайға тап болған екі отбасыны паналатқан. Әнші анасының асқан қамқорлығы туралы желі қолданушыларына айтып берді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Айдардың айтуынша, оның анасы екі жанұяны барлық бала-шағаларымен бірге үйіне алып келген. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында хабарлады.

"Анам барып екі отбасыны бала шағаларымен үйге алып келіпті. Алла разы болсын анашыма. Бұны инстаға салып отырған себебім мақтаныш емес, бәріміз осылай 2-3 отбасыдан үйге алып келсек, үлкен көмек болар еді. Көбісі көшеде отыр, кешелі бері ұйықтамаған, жуынбаған, шаршаған әбден. Іске көшейік" ,-деп жазды "Жігіттер" квартетінің мүшесі.

Әнші анасының игі ісіне желідегілер де тәнті болған.

"Алла разы болсын анаңызға. Ғұмырлы болсын" , "Анаңызға ұзақ ғұмыр тілеймін. Қандай игі іс", "Туысың сыйдырмайтын мына заманда бұл жүректі жібітер іс екен аға" , - деп жазуда көпшілік.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Айдар Тұрғанбектің анасы екі арыстық отбасыны үйіне паналатқан (фото)