Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Полицейлер үш күн бойы үйінен шықпаған арыстық қарияны тапты (фото)

Опубликовано:

Түркістан облысының полицейлері Арыс қаласында жарылыс кезінде қалып қойған 80 жастағы қарияны іздеп тапты. Анықталғандай, ақсақалдың көзі көрмейтін болып шықты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

1940 жылы туған қарттың құлағы да ауыр, естімейді. Үш күннен бері үйінен шықпаған мүмкіндігі шектеулі қария жарылыстардың дыбысын естімеген көрінеді. 

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Желілік полиция бөлімінің бастығы, полиция полковнигі А.Н.​ Орманов пен бөлімше бастығы, полиция майоры А.Б. Мақұлбеков жарылыс кезінде үйінен шыға алмаған қарияны қауіпсіз жерге көшірді.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Арыс қаласының іргетасын қалауға қатысқанын айтып көзіне жас алған қарт тәртіп сақшыларына алғысын айтты. Жарылыстан соң жалғыз қалып қойған қария Бадам елді мекеніндегі туыстарына апарып тастауды өтінген.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Original

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1801848-policejler-s-kn-bojy-jinen-sykpagan-arystyk-kariany-tapty-foto/

pixel