Выйти
RU

Арыстан ұшқан снаряд жарықшақтары көрші ауылдағы үйлерді де зақымдаған

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

24 маусымда Түркістан облысы Арыс қаласында болған жарылыстан көрші орналасқан Ақдала кенті де зардап шеккен деп xабарлайды ҚазАқпарат.

Арыстан ұшқан снаряд жарықшақтары көрші ауылдағы үйлерді зақымдаған

Фото:inbusiness.kz/mod.gov.kz

Ақдала ауылы тұрғын Орынxан Арынбаевтың айтуынша, сол қайғылы күні тек арыстықтар ғана емес, Арысқа жақын орналасқан көрші кенттің тұрғындары да үйлерін тастап қашуға мәжбүр болған.

"Қатты гүрсіл естілді. Жарылыс кезінде снарядтың жарықшақтары бірнеше шақырымға, біздің кенттің аумағына да жетті. Соның салдарынан бір снаряд үйдің алдындағы "септикті", тағы бір бөлігі сарайды зақымдады.
Абырой болғанда ешкім зардап шеккен жоқ. Үйдің үстіне түскенде не болар еді?! Немерелерім мен балаларым қорыққаннан жертөлеге тығылды. Онда біраз уақыт отырып, қалғандарымен бірге қашты", - дейді зейнеткер.

Сонымен қатар ақсақал кентті эвакуациялағаннан кейін бір сиыры жоғалып кеткенін айтады.

"Барлығымызды Шымкенттегі 53-мектепке эвакуациялады. Мен күн сайын малдарға азық беру үшін үйге келіп жүрмін. Оларға қарау керек қой, оның бәрін кім істейді?! Адамдардың малдары өрісте жүр, олар жоғалып кетуі немесе ұрлануы мүмкін ғой", - дейді ол.

Еске сала кетейік, Қорғаныс министрінің орынбасары Бақыт Құрманбаев Арыстағы өрттің толығымен ауыздықталғанын хабарлаған еді.

Түркістан облысының әкімі тұрғындар апта соңында үйлеріне оралатынын мәлімдеді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Арыстан ұшқан снаряд жарықшақтары көрші ауылдағы үйлерді де зақымдаған