RU
АҚШ-та Қазақстан азаматы қаза тапты
Жаңалықтар Қоғам

АҚШ-та жол апатынан Қазақстан азаматы көз жұмды

Рассказать Вконтакте

АҚШ-та жол апатынан қазақстандық турист Асқынбай Қанат қаза тапты. Қайғылы жағдай Огайо штатында болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі сурет: digitalunite.com

Көрнекі сурет: digitalunite.com

АҚШ-тық құқық қорғау органдарының мәліметінше, жол-көлік оқиғасы 26 маусым күні Норуолк қаласының маңындағы SR 61 тас жолында болған.

Қазақстандық турист Асқынбай Қанат жол апаты кезінде жалға алған көлікті тізгіндеп келе жатқан.

Ер адам алған жарақаттары салдарынан оқиға орнында көз жұмған деп хабарлады краудфандингтік сайт.

Басылым марқұмның денесін Қазақстанға қайтару үшін қаржы жиналып жатқанын да атап өткен.

BNews.kz-тің мәліметінше, қазіргі таңда, Қазақстанның Нью-Йорктегі бас елшілігі туыстарының арызы бойынша марқұмның денесін елге әкелу мәселелерімен айналысып жатыр.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel