Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бурятияда ұшақ ғимаратқа соғылып оннан аса адам жараланды (фото, видео)

Опубликовано:

Бурятияның Нижнеангарск елді мекенінде АН-24 ұшағының апаттық қонуы кезінде әуе кемесі ұшу-қону жолағынан шығып кетіп, екі ұшқыш қаза болып, 20 адам жарақат алды. Бұл туралы LIFE SHOT Телеграм арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Бурятияда ұшақ ғимаратқа соғылып, өртке оранды: ұшқыштар қаза болып, оннан аса адам жараланды (фото, видео)
Фото: tlgrm.ru/channels/@Lshot: UGC

Дереккөздің хабарлауынша, қонғаннан кейін АН-24 тазарту құрылғыларының ғимаратына соқтыққан.

"Ұшақтың сол жақ қозғалтқышы істен шыққан. Қаза болған ұшақ капитаны апаттың қонуының себебін солай түсіндірген", - деп хабарлады "112" телеграм арнасы.
Бурятияда ұшақ ғимаратқа соғылып, өртке оранды: ұшқыштар қаза болып, оннан аса адам жараланды (фото, видео)
Фото: tlgrm.ru/channels/@Lshot: Instagram

Куәгерлер түсірген видеодан жанып жатқан ұшақ пен жарылыс дыбыстары естіледі.

Қазіргі уақытта оқиға орнында өрт сөндірушілер мен құтқарушылар жұмыс істеуде. Республика басшысы зардап шеккендерге барлық қажетті көмек көрсетуді тапсырды.

РИА Новостидің хабарлауынша, 19 адам ауруханаға жатқызылды. Ұшақ бортында 43 жолаушы, оның біреуі бала болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1801865-buratiada-sak-gimaratka-sogylyp-onnan-asa-adam-zaralandy-foto-video/

pixel