RU
Африка құрлығының үздік сұрмергені "Астана" клубынан кетті

Африка құрлығының үздік сұрмергені 1,5 млн еуро үшін "Астана" клубынан кетті

Рассказать Вконтакте

Конголық футболшы Жуниор Кабананга "Астана" футбол клубынан ресми түрде кетті деп жазады Sports.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Басылымның ақпаратына сәйкес, ффрикалық футболшы елордалық клубқа 2018 жылдың жазында жалға алу құқығымен келген.

Қазіргі уақытта Жуниор Кабананга Сауд Арабиясының "Аль-Наср" клубымен 2020 жылдың маусым айына дейін келісім шартқа отырды.

Шабуылшы "Астана" футбол клубының ойыншылары тізімінен ресми түрде шықты.

Кабананга Қазақстан чемпионатында 12 ойынға қатысып, қақпашылардан екі рет айласын асырған.

Қазіргі уақытта немістің атақты Transfermarkt сайты футболшыны 1,5 миллион еуроға бағалап отыр.

Айта кетейік, Джуниор Кабананга Африка ұлттар Кубогы-2017 турнирінің үздік сұрмергені және аталмыш турнирдің таңдаулы құрамына енген ойыншы болып саналады.

Сіздің реакцияңыз
1
0
1
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel