RU

Поль Погба ұлының анасына үйленді (фото)

"Манчестер Юнайтед" футболшысы Поль Погба ресми түрде бойдақтар тізімінен шығып қалды. Танымал француз аяқдопшысы сүйіктісімен заңды түрде некелесті деп жазады eurosport.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Поль Погбаның таңдауы Мария Салес есімді аруға түскен. Айта кетерлігі, осы жылдың басында қос ғашық ата-ана атанған.

Жасырын түрде өткен үйлену тойдағы суретті футболшының жұбайы Instagram парақшасында жариялаған.

Кейін аталмыш фотомен "Манчестер Юнайтед" футбол клубының жанкүйерлері де Twitter желісінде бөлісті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1801876-pol-pogba-lyny-anasyna-jlendi-foto.html