RU
Арыстағы жарылыс: Саясаттанушы еріктілерге мемлекеттік награда беруді ұсынды

Арыстағы жарылыс: Саясаттанушы еріктілерге мемлекеттік награда беруді ұсынды

Рассказать Вконтакте

Арыстағы жарылыс: Саясаттанушы Андрей Чеботарев ерекше көзге түскен еріктілерді үкіметтік наградалармен марапаттауды ұсынды. Бұл туралы ол Facebook парақшасында жариялады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: facebook.com/lefthand67

Фото: facebook.com/lefthand67

Арыстағы қайғылы жағдай оның салдарын жоюдағы мемлекет пен азаматтық қоғамның бірлескен күш-жігерінің маңыздылығын көрсетті. Сөзсіз, билік бұл жағдайдан дұрыс сабақ алып, маңызды әрі объективті талдау талап ету керек. Ел басшылығының ден қоюы және түрлі мемлекеттік органдардың жан-жақты қызметі аталған төтенше жағдай салдарын жою бойынша іске өз үлесін қосты.

Алайда, таяу уақытта Қорғаныс министрлігінің объектілеріне мұқият тексеру жүргізіп, олардан шығатын ықтимал тәуекелдер мен қатерлерді жою үшін қажетті шаралар қабылдау қажет. Ал барлық деңгейдегі атқарушы билік органдарына қызметкерлерді тиісті оқытумен және тәжірибелік сабақтарды кезең-кезеңімен өткізумен дағдарысқа қарсы менеджменттің әдістері мен тәсілдерін енгізу керек.

Арыс пен оның тұрғындарының жағдайына бей-жай қарамай, қолдарынан келгенше көмек көрсеткен азаматтарға ерекше алғыс. Осы уақытқа дейін көрінген (2015-2017 жылдары елдің кей өңірінде сел жүрген уақытта) еріктілік тәжірибесі біздің азаматтық қоғамның бірлігі айтарлықтай өскенін білдіреді.

Мемлекет пен оның органдары қоғаммен және оның институттарымен сындарлы өзара іс-қимыл жасауға мүдделі болса, мұны да ескеру қажет. Алдағы уақытта елімізде Арыстағы сияқты жағдай болмасын. Бұл жағдай қиын-қыстау кезеңдерде кім өзін қалай көрсетуге дайын екенін аңғартады.

Ерекше көзге түскен еріктілер жергілікті әкімдердің грамоталарынан үкіметтік марапаттарға дейін әртүрлі наградаларға лайық. Мұндай көтермелеу тәжірибесін енгізу билік пен қоғам арасындағы диалогтың маңызды құрамдас бөлігі бола алады.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel