RU
Несиелік қарыздарды кешіру үшін қаржы қайдан алынбақ?
Жаңалықтар Саясат және экономика

Несиелік қарыздарды кешіру үшін қаржы қайдан алынбақ?

Рассказать Вконтакте

Қаржы министрі Әлихан Смайылов үкіметтің баспасөз конференциясы кезінде президенттің несиелік қарыздарды азайту жөніндегі жарлығын жүзеге асыру үшін 150 млрд теңге қажет екенін айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

"Айтылған санаттағы азаматтардың несиесін, ондағы пайызы, айыппұлдар мен өсімақыларды жою үшін шамамен 105 млрд теңге қажет.
Олардың 88,5 млрд теңгесін біз мемлекеттік бюджеттен алдырамыз. Алдағы аптада бюджетті анықтау аясында нақты сомалар шығатын болады.
17 млрд теңгені біздің проблемалы несиелер қорының арнайы облигацияларын шығару арқылы тартатын боламыз" , - деді Смаилов.

Сонымен қатар министр кепілдіксіз несиелердегі айыппұлдар мен өсімақылардың 70%-ын қаржы мекемелері тарапынан жойылатынын атап өтті.

Айта кетейік, 26 маусымда президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы азаматтарының борыш жүктемесін азайту шаралары туралы заңға қол қойды.

Мемлекет басшысы бұл шешімін түсіндіріп өтті.

Сіздің реакцияңыз
0
2
1
0
1
6
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel