RU
Аблязовтың көмекшілері өз еркімен Қазақстанға оралды

Аблязовтың көмекшілері өз еркімен Қазақстанға оралды

Рассказать Вконтакте

Жемқорлыққа қарсы күрес қызметі Мұхтар Аблязовтың көмекшілері туралы мәлімдеме жасады. Анықталғандай, олардың көбісі тергеу мен іздестіру шаралары уақытында Қазақстанға өз еркімен оралған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: kyrtag.kg

Фото: kyrtag.kg

Қылмыстық қудалау басталғалы сегіз айыптау үкімі шығарылып, оған сәйкес 42 адам сотталды.

Соңғы уақытта он адам өз еркімен Қазақстанға оралған. Сот оларды кінәлі деп тапқанымен, өз кінәсін мойындауларына байланысты олар шартты жазаға ие болды. Олардың арасында БТА банкінің топ-менеджменті бар.

2019 жылдың мамыр айында тағы жеті адамға қатысты тергеу жұмыстары аяқталып, олар да өз еркімен елге оралған.

Жемқорлыққа қарсы күрес қызметінің мәлімдеуінше, кәсіпкердің Қазақстанға оралған көмекшілерінің арасында Артур Трофимов та бар болып шықты. Ол Аблязов бақылауындағы компанияларда директорлар кеңесінің төрағасы қызметін атқарған. Трофимов Өзбекстанда тұтқындалып, Қазақстанға өз еркімен оралды.

Шетелден туған жерге кәсіпкердің тағы бірнеше сыбайласы қайтып келді. Олар БТА банкінің қаржысын жымқырғаны үшін күдіктеліп жатыр. Ресейден банк заңгері Максим Хаблов, Аблязов бақылауындағы компаниялардың номиналды директоры Абдихаимова Анар және атқарушы директор Налобин Валерий оралды. Ал Венгриядан несиелік басқармалардың басшы орынбасарлары Кадесов Ержан және Жүнісова Зауре қайтып келсе, Араб әмірлектерінен БТА несиелік комитетінің басшысы Погорелов Анатолий келген.

"Күдіктілер өзінің елге оралу туралы шешімін түсіндіріп өтті. Олар үнемі жасырынып, уайымдап жүруден шаршағанын айтты. Оған қоса, олар қорқынышта күн кешіп, туғандарынан алыста болудан әбден қажығанын жеткізді.
Күдіктілер не себепті Қазақстанға бұдан ерте қайтып келмегені жөніндегі сауалға жауап берді. Олар 2009 жылы қылмыстық іс қозғалған соң өздеріне Аблязовтың сыбайластары қысым көрсетіп, қорқытқанын айтты" , - деді аса маңызды қылмыстық істерді тергеу департаментінің басшысы Сергей Перов.
Сіздің реакцияңыз
15
0
0
1
3
6
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel