Выйти
RU

Дүниежүзілік бокс кеңесі "Канелодан" чемпиондық белбеуді қайтарып алды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Дүниежүзілік бокс кеңесі әлем чемпионы атағының жаңа позициясын құрды. Қауымдастық мексикалық Сауль Альварестің белбеуін алып, оған "franchise champion" атты жаңа чемпиондық титулды табыс етті деп xабарлайды Sports.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Басылымның жазуынша, мексикалық боксшыға тиесілі болған орта салмақтағы әлем чемпионы атағы америкалық Джермалл Чарлоға берілді.

Ол бұған дейін "уақытша" чемпион болатын.

Еске сала кетсек, орта салмақта Геннадий Головкин өнер көрсетеді.

WBC титулы осыған дейін қазақстандық боксшыға тиесілі болды.

Отандық спортшы 8 маусым күні Нью-Йорк қаласында жеңіліп көрмеген канадалық боксшы Роллспен өткен кездесуде қарсыласын төртінші раундта нокаутқа жіберді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Дүниежүзілік бокс кеңесі "Канелодан" чемпиондық белбеуді қайтарып алды