RU
Ақтөбеде көлікпен суға түсіп кеткен ерлі-зайыптылар үш жасар баласынан айырылды

Ақтөбеде көлікпен суға түсіп кеткен жұбайлар үш жасар баласынан айырылды

Рассказать Вконтакте

Ақтөбеде көлікпен суға түсіп кеткен ерлі-зайыптылар үш жасар баласынан айырылды. Қайғылы жағдай бүгін таңда Ақтөбе су қоймасында болды. Төтенше жағдай қызметіне таңғы сағат 5:48-де үш адамның суға кеткендігі жөнінде қоңырау түскен. Оның бірі үш жасар бала деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Фото: KAZ.NUR.KZ

Фото: KAZ.NUR.KZ

Куәгерлер жағада тұрған КІА автокөлігі қозғалған кезде суға түсіп кеткенін айтуда.

"Қазіргі уақытта құтқарушылар жұмыс жасап жатыр. Судан үш жасар бала мен 56 жастағы ер адамның денесі шығарылды. Үшінші ер адамның денесі әлі табылған жоқ. Машинада болған тағы екі адам судан өз еріктерімен шыққан. Олар кішкентай баланың ата-анасы. Ер адам баланы судан шығарып әйеліне берген. Өзі көлікте қалғандарды құтқаруға кеткен",-дейді Ақтөбе қаласының төтенше жағдайлар басқармасының офицері Қайрат Дәрменов.
Фото: KAZ.NUR.KZ

Фото: KAZ.NUR.KZ

Осы жағдайға байланысты өңірде бүгін төтенше жағдай қызметі, прокуратура, полиция және әкімшілік өкілдерімен қаладағы оннан аса жағажайға рейд жұмыстары жүргізіледі.

Фото: KAZ.NUR.KZ

Фото: KAZ.NUR.KZ

Тұрғындарға қауіпсіздік шараларын сақтау түсіндірілетін болады.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
7
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel