RU
Қазақстанда несиеге алған қымбат ұялы телефонның кредитін төлеп бере ме?
Жаңалықтар Қоғам

Қазақстанда несиеге алған қымбат ұялы телефонның кредитін төлеп бере ме?

Рассказать Вконтакте

Қаржы министрі Әлихан Смайылов үкіметте өткен баспасөз мәслихатында егер жеке тұлғада түрлі банктерде бірнеше кепілсіз тұтынушылық несие бар болса кредиттерді өтеу бойынша жұмыс қалай жүретінін айтып берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

"Қосымша айта кететін болсам, егер жеке тұлғада бірнеше кредиті бар болса, онда 300 мың теңге көлемі шегінде өтеледі", - деді Смайылов.

Ол несие арқылы қажетті заттарын сатып алатындарғы кінә артпайтынын алға тартты.

"Тұтынушылық несиелердің негізгі міндеті - халықтың әл-ауқатын жақсарту, тұтынушылық сұранысты қаржыландыру, сондықтан қымбат ұялы телефонды және қажетті басқа тұрмыстық заттарды сатып алу - бұл әрине дұрыс емес екенін түсіндік. Бұл бастаманың негізгі бағыты - төменгі кіріс санатындағы адамдарға көңіл бөлу.
Бұл бір реттік әрекет. Борышкерлердің жалпы саны ... 500 мың адам, бұл белгілі бір санатқа қатысты нақты әрекет, ол бір реттік сипатқа ие болып табылады. Біздің міндетіміз - тұтынудың кез-келген түріне шектеу болып табылмайды. Сондықтан, бұл шара біртіндеп жұмыс істейді", - деді Қаржы министрлігінің басшысы.

Айта кетейік, күні кеше президент Қасым-Жомарт Тоқаев өмірлік қиын жағдайға қалған жандардың несиелік қарызы азайтылатын хабарлаған болатын.

Мемлекет басшысы бұл шешімін түсіндіріп өтті.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
4
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel