RU
5 миллион қазақстандық азаматтың кредит бойынша өсімі кешіріледі

5 миллион қазақстандық азаматтың кредит бойынша өсімі кешіріледі

Рассказать Вконтакте

Қаржы министрі Әлихан Смайылов үкімет отырысында 5 миллион қазақстандықтың тұтынушылық кепілсіз несиелерінің айыппұлдары мен өсімі өшірілетінін айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

"Тұтынушылық кепілсіз кредит алып, айыппұл мен өсім пайда болған 5 миллионнан астам адам бар. Бұл шамамен 48 миллиард теңгені құрайды. Айыппұл мен өсімнің барлығы өтеледі. Оны дисконты бар қаржы ұйымдарынан Проблемалық кредиттер қоры сатып алады. Кез келген жеке тұлға үшін бұл өтелгенді білдіреді", - деді министр. 

Смайловтың сөзінше, Айыппұл мен өсім банктерден де, микроқаржы ұйымдарынан да алынады.

Ол негізгі қарыздың жабылу-жабылмауына қарамастан, айыппұл мен өсімпұл өтелетінін алға тартты.

Сіздің реакцияңыз
0
3
0
1
1
29
4
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel