Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда "оралман" терминінің анықтамасы өзгермек

Опубликовано:

Көші-қон процестерін реттеу мәселелері бойынша заң жобасына сәйкес Қазақстанда "оралман" терминінің анықтамасын қайта қарауға ниетті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Көрнекі фото: gcshelp.org
Көрнекі фото: gcshelp.org: Facebook
"Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, этникалық қазақтар оралман мәртебесін алу үшін Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алмай тұрған уақытта басқа мемлекет аумағында тұрғанын растау керек. Тәжірибеде 1991 жылдан кейін туған этникалық қазақтар мұндай құжаттарды ұсына алмайды.
Осыған байланысты, "оралман" түсінігі басқа редакцияда баяндалады. Оған сәйкес, басты талап этникалық қазақтың бұрын-соңды Қазақстан Республикасы азаматтығын алмауы болады.

Бұдан басқа, әзірлеушілер оралмандарға ғана емес, қоныс аударушыларға да бейімдеу және ықпалдастыру қызметтерін көрсету жөніндегі орталықтардың қызметін кеңейтуді қолдап отыр.

Қазіргі уақытта Қазақстанда осындай үш орталық жұмыс істейді. Олар Қарағанды, Шымкент қалаларында және Түркістан облысының Ақсукент ауылында орналасқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1801951-kazakstanda-oralman-terminini-anyktamasy-zgermek/

pixel