Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Салтанат Бақаевамен дауласқан ақын қыз өз теңін тауып, ұзатылып кетті (фото)

Опубликовано:

Танымал актриса, әнші Салтанат Бақаевамен әннің сөзі үшін сөзге келген павлодарлық ақын қыз Назерке Семей ақ босағадан аттап, отбасылық өмірге қадам басқан. Ақын ару өміріндегі қуанышты жаңалығымен өзінің Instagram парақшасында бөліскен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ақын ару әсіресе өз тойына атсалысқан жақындары мен достарына алғысын жаудырған.

"Аллаға шүкір, өз бақытымды тауып өз үйіме келдім! Осы орайда кеш те болса, ұзатуыма арналған жиынның сәнін келтіруге атсалысқан жандарға алғысымды білдіруді жөн санап отырмын!

Ең алдымен ұзатуымды өз ойымдағыдай (xалал, ұлттық бояуда) өткізуге рұқсат беріп, қолдап, шектемей, жақындарымның басын қосқан ата-анама басымды иіп раxметімді айтамын!

Ата-анама демеу болған ағайын-туыс, нағашыларыма алғысымды білдіремін! Жасаған жақсылықтарыңызды ұмытпаймын! Алыс-жақыннан ат терлетіп келген достарыма, құрбыларыма мың алғыс! ... Баршаларыңызға Алла разы болсын!", - деп жүрекжарды тілегін арнаған ару.

Желі қолданушылары бойжеткенге жылы тілектерін жаудырып жатыр.

Олар "Бақытты бол", "Шаңырағың шайқалмасын", "Жарайсың" деген пікірлерду қалдыруда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1801954-saltanat-bakaevamen-daulaskan-akyn-kyz-z-tein-tauyp-zatylyp-ketti-foto/

pixel