Выйти
RU

Назарбаевтың жерлесі Ингушетияның басшысы атануы мүмкін

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Сәрсенбі, 26 маусымда Ресей президенті Владимир Путин Ингушетия басшысы Юнус-Бек Евкуровты мерзімінен бұрын қызметінен босатты. Республика басшысының уақытша міндетін атқару қызметіне Қазақстанның тумасы Махмуд-Али Калиматов тағайындалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Махмуд-Али Калиматов. Фото: РФ президентінің баспасөз қызметі

Махмуд-Али Калиматов. Фото: РФ президентінің баспасөз қызметі

Шетелдік БАҚ таратқан ақпаратқа сәйкес, Калиматов 1959 жылы 9 сәуірде Алматы облысы Қарасай ауданы Шамалған ауылында өмірге келген.

Сондай-ақ, оның отбасылы екендігі, екі ұлы бары айтылды.

Ингушетияның уақытша басшысы 1989 жылы Куйбышевский мемлекеттік университетінің заң факультетін тәмәмдады.

Ол Самара және Ингушетияда прокурор, Самара облысы губернаторының кеңесшісі қызметтерін атқарды.

Калиматов 2015 жылдың желтоқсан айынан бастап Самара облысының табиғи ресурстарды бақылау жөніндегі федералдық қызметі бөлімін басқарды.

Еске сала кетсек, Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Шамалған ауылында өмірге келді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Назарбаевтың жерлесі Ингушетияның басшысы атануы мүмкін