RU
Арыстық жұрттың шеруі: Шымкентте бүгін не болды? (фото, видео)

Арыстық жұрттың шеруі: Шымкентте бүгін не болды? (фото, видео)

Рассказать Вконтакте

Шымкентте, бүгін, 27 маусымда қала басшысы әкім Ғабидолла Әбдірахманов пен Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің арыстық тұрғындармен кездесуі өтті. Әңгіме алғашқы сәттерден-ақ жараспаған - адамдар айқайлап, пәтер берілуін талап етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр

Фото: Видеодан кадр

12.44. Түскі 12-ден кейін арыстықтар қаланың және Түркістан обылысының әкімімен кездесу үшін Шымкенттегі мешітте жиналған еді. Алайда қала тұрғындары бейбіт әңгіме құруға құлқысыз болды. Олар бірден облыстық биліктен жаңа пәтер талап етті.

Фото: KAZ.NUR.KZ

Фото: KAZ.NUR.KZ

14.19. Облыс әкімі жақын күндері әлеуметтік нысандар мен тұрғындардың үйіне жөндеу жұмыстарын жүргізіп, елді-мекенді қалыпқа келтіруге уәде берді.

Алайда адамдар мұндай ұсынысты қабылдамады. Олар мешіттен шығып, шеру ұйымдасытырп, қала көшелеріне шықты.

Фото: KAZ.NUR.KZ

Фото: KAZ.NUR.KZ

14.50. Кейінірек анықталғандай, мешіттің жанында жүрген адамдардың басым бөлігі тарай бастаған. Тұрғындар шеруге қатысушыларды қайтаруға тырысып, хабарласқан.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, митингке жүзге жуық адам қатысқан. Олардың арасында жастар басым.

Шеруге қатысушылар өздерінің талаптарын айту үшін әкімдікке дейін баратынын хабарлады.

Фото: KAZ.NUR.KZ

Фото: KAZ.NUR.KZ

Тұрғындар билік өкілдерінен оларды Арысқа қоныстандырмай, барлығына өзге өңірлерден емес, Түркістан мен Шымкенттен баспана беруін талап ететінін айтты.

"Арыстың жабылуын талап етеміз. біздің онда тұрғымыз келмейді. Біз осында, Шымкентте немесе Түркістанда тұрғымыз келеді. Бізге үй берілсін", - деді митингке қатысушылардың бірі.

16.37. Қаланың сумен қамтамасыз етіліп, жарықтың пайда болғаны туралы ақпарат пайда болды. Бұдан бөлек, қалада дезинфекция жасалды.

16.59. Ертең, 28 маусым күні арыстықтар эвакуациялау нүктелерінен үйлеріне қайта алатыны анықталды.

17.49. Шаһар әкімі арыстықтарды тәртіп бұзушылықтарды тоқтатуын сұрады.

"Біз де ойнап жүрген жоқпыз. Қолдан келген нәрсенің бәрін жасап жатырмыз. Егер де мен Құдай болсам, бәрін бір күн ішінде шешіп тастар едім. Мемлекетті кінәламас бұрын мында не жасалып жатқанын қараңыз. Бұл дұрыс нәрсе ме?", -деді Әбдірахымов.

Сіздің реакцияңыз
6
1
0
0
0
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel